«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №4 орта мектебі» ММ 2018-2019 оқу жылына арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 10 желтоқсанында сағат 12.00-де №4 орта мектебінің Жауынгерлік Даңқ мұражайында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен жас із кесушілердің дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесу дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында Мәриям Хәкімжанованың 112 жылдығына орай «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ 5 - 16 қараша аралығында Мәриям онкүндігін ұйымдастыруда. Онкүндік барысында мектеп оқушылары арасында эрудит сайысы, ЭССЕ жазу сайысы, дөңгелек үстел т.б. іс-шаралар күнделікті ұйымдастыруда. Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай мұражайымен бірлесе отырып мектеп кітапханашысы Уаисова Б.А.  «Мәриям тағылымы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

№8 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын іске асыру шеңберінде 24 қазанда 10-сынып оқушыларына арналған алғашқы рет «Спандияр Көбеев–жазушы, педагог» атты қалалық оқу конференциясы өткізілді.

Өткен 100 жылдықты «Атом ғасыры», «Космостық эра» деп мақтанышпен атады,ал қазіргі ғасыр қалай аталады екен? Мүмкін «Роботтар эрасы»? Қазіргі таңда миллиондаған роботтар қолданыста.Адам заттың өмірінің барлық саласында  роботтар практикада жұмыс жасайды. Бұған дәлел «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚШТМ 30 қазан күні өтілген робот техникасы бойынша қалалық жарыс.

2018 жылдың 2-3 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту мақсатында «Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің №1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК базасында жас музыканттарының 52-ші облыстық білім беру фестиваль-байқауы өтті.

Балалардың рухани күйін қалыптастыруға және ересек жастағы ұрпаққа құрмет көрсетуге бағытталған «Біздің аталарымыз бен әжелерімізге - БТМ үйірмесінің оқышыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі» атты ҚТШМ-де қарттар күніне арналған көрмесі өтті. ҚТШМ-нің оқушылары жеке басының адамгершілік құндылықтарын жүзеге асыруға көмектесетін өмірге белсенді қарым-қатынаспен танытуға ықпал етеді.

«Отаным тағдырым» негізгі бағыты бойынша «Рухания жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «МАМА + Я» спорттық-ойын-сауық бағдарламасы толық дем алып, балалардың денсаулығын жақсарту және олардың жеке әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізілді.

2018 жылдың 26-27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру, әскери қызметті насихаттау, Отанға адалдық сезімін арттыру мақсатында «Отаным - тағдырым» негізгі бағытының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Отаным - тағдырым» әскери-спорттық ойын өткізілді.

«Карта және компаспен» қалалық туристік ойын, денсаулығын жақсарту және дене дамуы, туристік дағдыларды дамыту, 2018 ж. 20 шілдеде «Өлкетану» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы аясында № 17 мектеп базасында тәрбиеленушілірге  экологиялық және отандық білімдерін арттыру.

Ұлттық білім беру деректер қоры