2018 жылдың 2-3 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту мақсатында «Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің №1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК базасында жас музыканттарының 52-ші облыстық білім беру фестиваль-байқауы өтті.

Өте сәтті өнер көрсеткен тәрбиеленушілер атақты қазылардың көңілінен шығып, білімді игерудің жоғары деңгейін көрсетті және лауреат атақтарын жеңіп алды.  Байқаудың Гран-при жүлдесі скрипкашы Әйгерім Тәнкееваға бұйырса, түрлі аталымдар бойынша бірінші орындарды келесілер өзара бөліске салды: Г.Николенко, Я.Красноцветова, А.Абджанов, В.Тутаев, К.Самылтырова және атақты «Violin doStar» скрипкашылар ансамблі (жет. Елена Тулупова, конц. Марина Кащеева). Екінші орын З.Тәнкееваға, К.Диденкоға, П.Бойкоға, С.Теңізбаевқа, В.Яблонскаяға және Саксофоншылар ансамбліне  (жет. Павел Латышев, конц. Елена Поддудник) бұйырды. Скрипкашылар байқауының жас үміткерлері Е.Дейнега мен  Д.Қожахметова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Байқау аясында профессор Н.Х.Кәрімов мектеп оқытушылары үшін шеберлік сыныбын өткізді, ал оқушылар өнер шеберінің кеңестері мен батасын алды.

3 4 5 6

1 2

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz