№8 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын іске асыру шеңберінде 24 қазанда 10-сынып оқушыларына арналған алғашқы рет «Спандияр Көбеев–жазушы, педагог» атты қалалық оқу конференциясы өткізілді.

Конференцияға Қостанай қаласының 10 сынып оқушылары, мектеп кітапханашылары, оқытушылар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының және Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық мұражайының қызметкерлері қатысты. Конференция барысында көрініске қатысушылар жазушы, мұғалім, өлкетанушы және қоғам қайраткері Спандияр Көбеевтің түрлі дарынды қырларын көрсетті. №10 орта мектеп оқушысы Бақытова Наргиз ақынның «Жетім бала» өлеңін мәнерлеп оқыды, ал Көбеевтің Крыловтан аударған мысалдары Кудербекова Нұрайдың орындауында айтылды. Көрермендер № 8 орта мектебінің оқушыларының орындауында Көбеевтің «Қалың мал» романынан театрлық көрінісін көрді. № 115 орта мектебінің оқушысы Алибаева Айша қатысушылар алдында «Менің бабам- Спандияр Көбеев» атты баяндамасын оқыды. Максим Горький атындағы гимназиясының оқушысы Даниил Грачёв «Спандияр Көбеев көшесі» атты өз жобасымен таныстырды. Қаланың мұғалімдері мен Қостанай мұражайларының қызметкерлері өз баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, оқушылар назарына  тарихи-өлкетану мұражайы мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының  қызметкерлерімен дайындалған жеке заттарының көрмесі және Көбеевтің алғашқы басылымдары ұсынылды.

   1 2 3

 

 

  

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz