2019 жылғы 27 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ базасында қала оқушылары мен педагогтарына арналған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атты дөңгелек үстелі өтті.

Қостанай қаласының оқушылары алдында 2019 жылдың қорытындысы бойынша «100 жаңа тұлға» республикалық жобасының жеңімпазы болып атанған «Перекресток» ҚҚ төрағасы Алексей Куликов сөз сөйледі.

Қала мектептерінің оқушылары өздерінің баяндамаларында Қостанай қаласынан жобаға қатысушы және жеңімпаз болған адамдардың табыстары туралы айтты. Дөңгелек үстелге жас ұрпақты өзінің тарихымен шабыттандыратын еліміздің талантты, еңбекқор, ақылды адамдар туралы 8 шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

 

1 2 3 4

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz