2018 жылдың 5 қарашада балалар шығармашылық қалалық мектебінде Қостанай қаласының ата-аналар қоғамдық Кеңес отырысы өтті. Кеңес барысында ата-аналардың азаматтықты қалыптастырудағы рөлі мен өскелең ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
1-тоқсанның қорытындысы бойынша білім бөлімінің басшысы В.А.Цымбалюк ашық жариялық түрде баяндамасын оқыды.
Сондай-ақ ата-аналардың мектепте белсенді ынтымақтасу мәселесі бойынша Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессоры, қалалық ата-аналар кеңесінің мүшесі Лилия Вагановна Саркисян сөз сөйледі.
Отырыста Қостанай қаласының ата-аналар қоғамдығы және білім беру ұйымдарының әкімшілік өкілдері қатысты.