«Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында Мәриям Хәкімжанованың 112 жылдығына орай «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ 5 - 16 қараша аралығында Мәриям онкүндігін ұйымдастыруда. Онкүндік барысында мектеп оқушылары арасында эрудит сайысы, ЭССЕ жазу сайысы, дөңгелек үстел т.б. іс-шаралар күнделікті ұйымдастыруда. Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай мұражайымен бірлесе отырып мектеп кітапханашысы Уаисова Б.А.  «Мәриям тағылымы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

15.11.2018 жылы Қостанай қала мектеп оқушылары арасында  «Мәриям оқулары» байқауы ұйымдастырылды. «Мәриям оқулары» байқауына демеуші болған мектебіміздің ата-анасы Шимбулатов  Бахатбек  Казбекович.

Аталған іс-шараға барлығы  32 оқушы қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Мәряим өлеңдерін жатқа айтса, келесі бір тобы Мәриям апаға арналған жеке авторлық өлеңдерін ортаға салып, тартысқа түсті.

  Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша Мәриям оқуларын жатқа мәнерлеп оқудан қазақ мектептері арасынан

1-орын - Кабдрахим Қарахат (№115 мектеп оқушысы

1-орын - Алшоразова Анеля (Сырбай Мауленов атындағы гимназияның оқушысы)

2-орын  - Жалғасбай  Дамира (№9 орта мектебі)

3-орын - Жунусова Камила  (№15 мектеп оқушысы)

3-орын - Бакитжанова Ясмин (№20 орта мектебі)

Орыс мектептері арасында:

1-орын - Мнацаканян Карине (физика-математикалық лицейі)

2-орын - Орлова Анастасия (№3 мектеп-гимназиясы)

3-орын  - Калиева Сабина (№1 мектеп-лицейі)

Мәриямға арналған өз төл туындыларын ортаға салып, жоғары нәтиже көрсетіп жеңімпаз болған оқушылар:

Қазақ мектептері арасында

1-орын - Сейткан Рахат (№20 орта мектебі)

2-орын - Қонысбай Айдос (№15 орта мектебі)

3-орын - Фазли Шахадат (№9 орта мектебі)

Орыс мектептері арасында

1-орын - Талғатов Диас (№17 орта мектебі)

2-орын - Молдатбекова  Аружан (№11 орта мектебі)

3-орын - Амангельдинова Карина (№1 мектеп-лицейі)

 

1 2

Ұлттық білім беру деректер қоры