2018 жылғы 23 қарашада «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 орта мектебі» ММ базасында «Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарындағы ақпараттандыру объектілерінің жағдайы» тақырыбы бойынша жоспардан тыс оқыту семинары өткізілді. 

Бұл семинардың мақсаты – нормативтік құжаттарға сәйкес, 2018-2019 оқу жылының басына ақпараттандыру объектілерінің жағдайымен директорлардың IT жөніндегі орынбасарларын және жабдықтау жөніндегі инженерлерін таныстыру, сондай-ақ қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап беру. Семинарда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, директорлардың IT жөніндегі орынбасарлары мен жабдықтау жөніндегі инженерлерінің функционалдық міндеттері, мемлекеттік мекеменің интернет-ресурсының болуы және оларға қойылатын талаптар, бағдарламалық қамтамасыз етулер мен оларды орнату мәселелері, ақпараттандыру объектілерінің жағдайы және ұйымдастырушылық аспектілер туралы ақпарат берілді. Семинар барысында № 8 орта мектебінің оқу-тәрбие үрдісін техникалық қолдау тәжірибесі жалпыланды. Сонымен қатар, семинар қатысушылары қызығушылық тудыратын өзекті сұрақтарын қойды, ал семинарды ұйымдастырушылар сол сұрақтарға жауап берді. Семинар соңында директорлардың IT жөніндегі орынбасарлары мен жабдықтау жөніндегі инженерлердің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

1 2 3 4

Ұлттық білім беру деректер қоры