«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2018 жылдың қазан айы мен қараша айы аралығында «Қазақ тілінің Үздік мұғалімі» облыстық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері пән олимпиадасының қалалық сырттай іріктеу кезеңі өткізілді.

«Қазақ тілінің Үздік мұғалімі»  облыстық пән олимпиадасының қалалық сырттай іріктеу кезеңінде 15 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша  1 орын - Салыкова Ә. Д. (№8 ОМ), Маликова А. М. (№ 20 ОМ),  2 орын- Муртазина А. (СМГ) Тургаева Г.А. (МГГ), 3 орын - Усақбаева А.Қ. (№3 МГ),  Исенова Р.И (№7 ОМ) қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жеңімпаз болды. Олимпиада қорытындысы бойынша  қалалық кезеңнен І орын алған мұғалімдер облыстық «Қазақ тілінің Үздік мұғалімі» олимпиадасының ІІ кезеңіне жіберілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ұлттық білім беру деректер қоры