«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жоспарына сәйкес 2018 жылы 28 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында облыстық «Қазақ тілінің Үздік мұғалімі»  пән олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада шеберліктің кәсіби деңгейін арттыруға, шығармашылық әлеуетті іске асыруға және талантты мұғалімдерді анықтауға бағытталған.

Облыстық пән олимпиадасына 15 педагог қатысты. Олимпиада екі кезеңде өткізілді: сырттай бірінші кезеңде бір сабақтың қысқа мерзімді жоспары және сабақтың бейне түсірілім үзіндісін ұсыну. Екінші кезеңде:

  1. Өзін – өзі таныстыру;
  2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;
  3. Тестілеу;
  4. Әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жүйесін қорғау.

Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша І жүлделі орынға «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі №8 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі   Салыкова Асель Дарияновна және «Тіл шебері» номинациясына  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі №20 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Маликова Ақмарал Мугадайқызы ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

1 2 3

Ұлттық білім беру деректер қоры