2018 жылғы 07 желтоқсанда Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің жұмыс жоспары бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері үшін Қостанай қаласының № 69 бөбекжай-бақшасында «Білім беру саласын интеграциялау арқылы мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста ойын үлгілеуін пайдалану» тақырыбы бойынша әдістемелік кеңес өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың 49 әдіскері қатысты.

Әдістемелік кеңесті білім бөлімінің мектепке дейінгі секторы, бала бақшалардың әдіскерлері Д.Ж.Досмакова № 5 бөбекжай-бақшасынан, О.И.Шипунова № 15 бөбекжай-бақшасынан, Т.А.Троценко № 69 бөбекжай-бақшасынан, О.Ю.Евмушкова № 7 бөбекжай-бақшасының психологі дайындап өткізді.

Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Уразбекова К.Ж. «№ 4, 15, 51, 61 білім беру салаларын интеграциялау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста ойын моделдеуін пайдалануды бағалау» туралы  балабақшаларды тексеру бойынша анықтаманы ұсынды. 

Мектепке дейінгі білім беруді жаңарту жағдайында № 5, 15, 69 балабақшалардың әдіскерлері тәжірибелерімен алмасты. № 7 бөбекжай-бақшасының психологі әдіскерлерге "Сиқырлы дүкен"атты тренинг өткізді.

Әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға білім беру саласын интеграциялау арқылы мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ойын үлгілеуін қолдану бойынша нұсқаулықтар ұсынылды.

2 3 4 

1

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip