«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №4 орта мектебі» ММ 2018-2019 оқу жылына арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 10 желтоқсанында сағат 12.00-де №4 орта мектебінің Жауынгерлік Даңқ мұражайында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен жас із кесушілердің дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесу дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.

Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері  Подоляков М.И, Барабанов Н.Г, Даценко П.В, Наприенко Д. П, Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Харьяков Ю. А., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Терновой И. К., Мемлекеттік қызмет ардагері Лепперт Л. Ф. Қостанай ауданы Владимировка кентінің "Олимп" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Кежебаев Болат Боридович қатысты.

Мектеп мұражайының ізкесушілері Ұлы Отан соғысы тарихынан көптеген қызықты фактілерді білді, әскери кинохрониканы тамашалады. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері балаларға соғыс кезіндегі қиындықтар туралы және де өздерінің соғысқа қалай қатысқаны туралы айтып берді.

Оқушылар «соғыс балаларының» естеліктерін тыңдап, соғыс кезінде құрдастарының қандай сынақтардан өткенін білді.

Сондай-ақ, «Олимп» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Кенжебаев Б.Б. клуб курсанттарының қандай іздеу жұмыстарын жүргізетіні туралы, Ұлы Отан соғысы майданында соғысқан ауылдастардың есімдерін қалпына келтіру және мәңгі есте қалдыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы баяндады.

Соғыс ардагері Доценко П.В. соғыс даңқы мұражайына жақын арада шығарылған «Соғыс алдындағы әлем, окоп және соғысы туралы әңгімелер» кітабын қолтаңбасымен із кесушілерге сыйға тартты.

 

1 2 3 4

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz