Әлем жаһандану және жаңғыру салдарынан тез өзгеріп отырады. Мектептер оқушыларды көптеген адамдар түрлі мамандықтармен жұмыс істейтін әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындау керек.

Сабақтарда мұғалімдердің пайдаланатын технологиялары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытады, сондай-ақ шығармашылық белсенділігін, ойлау қабілетін қалыптастырады, оқушылардың өз ойын жеткізуге, материалды терең түсінуге көмектеседі. 12 желтоқсан күні №115 ОМ базасында физика, математика және информатика пәндері мұғалімдерінің қалалық ӘБ отырысы өткізілді. Функционалдық сауаттылықты дамытуды математика мұғалімдері А.Р.Жансугурова мен Ж.И.Есенгазина және физика пәнінің мұғалімі К.С.Нактаева мен С.М.Хасенов мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетті. Физика және математика сабақтарында белсенді оқыту әдістемесі Қ.С.Бұхарбай мен Ш.К.Каримова мұғалімдерімен коучинг өткізу үрдісінде қарастырылды және зерттелді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz