Құрметті педагогтар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, оқушылар, ата-аналар!

Жаңа жыл қарсаңында өткен жылға қорытынды жасап, болашаққа жоспар құру әдетке айналған және мен, 2018 жылы Қостанай қаласының білім саласы нақты жетістіктерге қол жеткізгенін мақтанышпен айта аламын.

1b

Белсенді дамып жатқан Аэропорт шағын ауданындағы 900 орындық мектеп құрылысы аяқталуға шақ қалды, ал 2019 жылы Юбилейный шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы бастау алады. Бала-бақшаларда 280 жаңа орын болады.

2018 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша қала мектептері түлектерінің 40% Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға арналған гранттарына ие болды және қазіргі таңда таңдаған мамандықтар бойынша жоғары білім алуда.

Біздің қаламыздағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мектепке дейінгі білім беруден басталады. Қаланың бөбекжай-бақшаларында компьютерлік сауаттылықты, техникалық дағдыларды және кеңістіктік қиялды қалыптастыруға бағытталған сабақтар өткізілетін ерте инженерлік ойлауды дамыту үшін «LEGO-құрастыру негіздері» жобасы бар.

Қаланың мектептерінде инновациялық технологияларды енгізу қарқынды дамып келеді. Осылайша «Таза жол АТ» ЖШС және «Вескор» ЖШС қолдауымен М.Горький атындағы гимназия және қалалық техникалық шығармашылық мектебіне 16 млн. теңгеден астам сомаға қажетті құрал-жабдықтарымен 2 цифрлық технологиялық кабинет сатып алынды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Сырбай Мәуленов атындағы гимназияда, №18 мектеп-гимназиясында және №17 орта мектепте жалпы сомасы 5,6 млн. теңгеге заманауи IT-кабинеттері ашылды.

Енді қостанайлық оқушылар үшін робототехника және математикалық жобалау бойынша елеулі жарыстар ашылды, олардың еншісінде облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде 30-дан астам жүлделер бар. Димухаметова Анастасия мен Пуха Анастасия (М.Горький атындағы гимназия), Богданчиков Ксения және Регель Артем (физика-математика лицейі) 3 D модельдеу саласындағы халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Қостанайлық оқушылардың ғылыми әлеуеті өте жоғары. 2018 жылдың ақпан айында Республикалық ғылыми жобалар байқауында Қостанай қаласының командасы 10 жүлдеге ие болды, оның ішінде 2-і бірінші, 3-і екінші және 5-і үшінші.

Ал 2018 жылдың наурыз айында Қостанай қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиада өтетін орынға айналды. Қаламыздың абыройын қорғай білген қалалық мектептердің оқушылары, Республикалық олимпиаданың финалдық кезеңінде 10 қола және 6 күміс медаль жеңіп алды.

Қостанай оқушыларының тек ғылымнан басқа да жетістіктері көп. 2018 жылы спортшылар мен музыканттар, суретшілер мен шығармашылық байқаулардың қатысушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. №8 орта мектебінің түлегі Надежда Рябец бокстан әлем чемпионы атанды. №30 орта мектептің оқушысы Маргарита Гриценко Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдесін еншіледі. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және сіздердің күш-қуаттарыңызға сенеміз!

Өткен жыл бізге жоғары нәтижелер мен жаңа есімдер сыйлады. Ол қала педагогтарының білімі мен жоғары кәсібилігі, топпен жұмыс жасау және ортақ істерге деген адалдығы арқасында табысты жыл болды. Келесі жыл жарқын жетістіктер мен биік шыңдарға жететін жыл болсын!

Лайықты кәсіби шеберліктерімен облыстық және республикалық байқауларда №19 ОМ ағылшын тілі мұғалімі Василенко Анастасия Сергеевна «Дарынды балаларға – талантты мұғалім»  байқауының жеңімпазы атанды, №13 бөбекжай-бақша тәрбиешілері Торина Самал Абылайхановна және Абильтаева Улжан Кабылхановна Халықаралық мұғалімдер мен тәрбиешілер байқауының жүлдесіне ие болды. Барлық педагогтарға шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілеймін!

Қымбатты балалар! Жаңа жыл жарқын жетістіктер мен  игі істер жасауға шабыт беретін, көңілді әрі ғажайып оқиғалар орын алатын, керемет және ертегілік мереке. Барлық тілеген тілектеріңіз орындалсын!

Құрметті ата-аналар! 2019 жыл сіздердің отбасыларыңызға үлкен бақыт алып келсін! Сіздерге  және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін, ал балаларыңызға оқуда сәттілік, Қостанай қаласының оқу орындарында өз дарындарын іске асыруын, шынайы достар табуын және өз армандарының орындалуын тілеймін.

  Жаңа жылдарыңызбен!

В.А.Цымбалюк,

«Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімі» ММ басшысы

 

 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz