2019 жылғы 22 қаңтарда Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес № 4 балабақшасының базасында "Педагогикалық талдау педагогикалық үдерістің нәтижелерін объективті бағалау ретінде" атты тақырыбы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған қалалық семинар-практикум өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың 49 әдіскерлері қатысты.

Семинар-практикумды білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімі, № 4 балабақшаның педагогтары Э. Б. Исмагулова дене шынықтыру нұсқаушысы, Б. Б. Мұстафина әдіскері, Е. С. Каткенова психологі дайындап өткізді, ал №16,40 бөбекжай-бақшаларының әдіскерлері мемлекеттік және орыс тілдерінде мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық талдауды өткізу жұмысы бойына өз тәжірбиелерінен шебер-сыныптар ұсынды. №54 бөбекжай-бақшасының әдіскері Г.А.Шахторина "Педагогикалық квалиметрия және оның білім сапасын анықтаудағы рөлі" атты тақырыбы бойынша дайындап өткізді.

Семинар материалдары мен баяндамаларының мазмұны мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту өзіндік білім беру қызметін жандандыру үшін жақсы мотивациялық негіз болып табылатынын көрсетті.

Семинар-практикумға белсенді қатысқандардың барлығына мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы Г. А. Попова сертификаттарды табыс етті. 

Барлық қатысушыларға семинар-практикумның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.

124

356

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip