2019 жылғы 28 қаңтарда "Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №1 мектеп - лицейі" ММ базасында (білім бөлімінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес) ағылшын тілі мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесі мектебінің отырысы өтті, оған Қостанай қаласы мектептерінің 27 мұғалімі қатысты. 

Ағылшын тілі мұғалімі Н. Белоусовадан "Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында ағылшын тілінің грамматикасын оқытуда коммуникативтік көзқараспен үйлесімдегі блоктық әдістеме" тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Теориялық бөлімде мұғалім коммуникативтік және функционалдық бағыттағы грамматикалық материалдарды іріктеу үрдісімен, сондай-ақ оқушылардың сөйлеудің грамматикалық жағын нәтижелі меңгеру үрдісімен таныстырды.

Содан кейін, "Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың белсенді әдістері" тақырыбында коучинг - сабақ барысында, талқылау және ұғыну тәсілімен қатысушыларды өзара оқытудың түрлі белсенді әдістерін қолдану арқылы топтардың практикалық жұмысы өтті.

 Сабақ постерлер тобының қорғауымен аяқталды.

1 2

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz