2019 жылғы 30 қаңтарда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Александр Геннадьевич Минконың "Дене шынықтыру сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану сабақ сапасын арттыру тәсілі" тақырыбында өзекті педагогикалық тәжірибесінің презентациясы өтті.

Жұмыс тәжірибесін жалпылау аясында "Дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту және арнайы жаттығулар кешенін орындау арқылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру" атты әдістемелік жинақ ұсынылды. Аурудың қысқаша сипаттамасы педагогті оқушылардың денсаулық жағдайында ауытқуларды алдын алу және түзету құралдарын дұрыс таңдауда бағдарлайды.

Ұсынылған жалпы дамыту және арнайы жаттығулар кешені сабақтарды алуан түрлі әрі тиімді етеді.

"Дене шынықтыру сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану сабақ сапасын арттыру тәсілі" атты коучинг өткізілді.

Мақсаты: "белсенді әдістер" ұғымын анықтау, оқушылардың ойлау және қозғалыс белсенділігінің дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасауға үйрету; оқушылардың құзыреттілігін дамыту үшін оқытудың тәсілдері мен әдістерін меңгеруге ықпал ету. 

 

1 2 3 4

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz