2019 жылғы 30 қаңтар мен 01 ақпан аралығында Щучинск қаласында 1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар Республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді. Аталмыш конкурстың мақсаты кіші мектеп жасындағы оқушылардың зерттеу мәдениетін, сонымен қатар олардың қабілеттерін одан әрі арттыру болып табылады.

Қостанай қаласының құрама командасын қала мектептерінің 1-7 сыныптарының 14 оқушысы қорғады.

Біздің қатысушылар республикалық деңгейде зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды дайындау мен қорғаудың жоғары деңгейін көрсетті және 11 жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде алты 1-ші орын, бір 2-ші орын және төрт 3-ші орын.

І орынға:

- «қазақ тілі және әдебиет» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы» ММ 2 сынып оқушысы, Сапаргалиева Жансая,

- «медицина» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ 4 сынып оқушысы, Бутов Владимир,

- «тарих» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ 4 сынып оқушысы, Шалгимбеков Манаш,

- «экология» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы» ММ 2 сынып оқушысы, Жалмагамбетов Тимур,

- «экология» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ 2 сынып оқушысы, Дубинин Владимир,

- «валеология» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ 4 сынып оқушысы, Сафиулина Маргарита.

ІІ орынға:

- «валеология» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» ММ 2 сынып оқушысы, Павличенко Екатерина.

ІІІ орынға:

- «орыс тілі және әдебиеті» секциясында  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ 7 сынып оқушылары, Искандирова Татьяна и Арутюнян Каринэ,

- «информатика» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ 7 сынып оқушысы, Трефилов Сергей,

- «техника» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ 7 сынып оқушысы, Тен Олег,

- «ағылшын тілі» секциясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Қозыбаев атындағы № 23 орта мектебі» ММ 3 сынып оқушылары, Елемисова Дарига  и  Жасталап Айғаным.

 

Жас зерттеушілерді жұмыстарын сәтті аяқтаумен құттықтаймыз және болашақта жеңістер тілейміз!!!

 

1 2

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz