2019 жылдың 6-7 ақпан аралығында Қостанай қаласының  №10 орта метебінде «Оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу: практика, іс-әрекет» атты Республикалық семинар-практикум өтті.  Бұл семинарға республикалық жаңартылған білім мазмұнын енгізуді аппробациядан өткізудегі пилоттық мектеп директорлары қатысты.

Семинар-практикумның негізгі мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында инновациялық педагогикалық практиканың өзекті  мәселелері бойынша тәжірибе алмасу .

Семинар-практикумның тақырыбы жаһандық маңызы бар. Оқытудың  жаңартылған  мазмұнын  енгізуді зерделеу мен тәжірибелердің  басын қосудың мәні -  бұл жаңа білім  беру барысындағы  іс-әрекет,  тәжірибе, ізденіс.

Сондықтан бұл өткізілген семинар-практикумның өзіндік ерекшелігі бар, мұнда оқыту мен оқуды жақсарту жөніндегі мәселелерді талқылау үшін қатысып отырған серіктестер, қонақтар,  жоғары оқу орны мен мектеп басшылары кездесіп, ой  бөлісуге  тамаша мүмкіндік туды.

Семинар-практикумға қатысушылары:

Республикалық пилоттық мектептер басшылары:

- Ақтөбе облысы, Ж.Мырзагалиев атындағы орта мектебі;

- Атырау облысы, М.Ыксанов атындағы  № 36 орта мектебі  Орал қаласы;

- Қарағанды қаласы №3 мектеп –гимназиясы;

- Павлодар облысы Майкаин № 1  орта мектебі;

- Түркістан  облысы Созақ мектеп гимназиясы.

 

1 2 3

 
 
 
 
gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz