Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, балаларға адалдық пен жемқорлыққа "иммунитетті" қалыптастыру мақсатында Қостанай қаласының барлық білім беру ұйымдарында (33 мектеп) мектептік (буфеттік) тамақтану шеңберінде адалдық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 1-11 сынып оқушылары қатысты.

"Адал Ұрпақ"ерікті клубының мүшелері мектеп қабырғасында осы акцияны өткізудің бастамашылары болды. Оқушылар буфеттік өнімдерді өз бетінше таңдап, оның жалпы құнын есептеп, қажетті соманы арнайы жәшікке қалдырды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасыменен осындай акцияларды енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған.

Адалдық акциясы ай сайын - айдың әр екінші сәрсенбісінде барлық білім беру ұйымдарында өткізіледі.

 

2 3 

1

 
 
 
 
gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz