«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде оқушылар арасында әр түрлі қызмет салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген отандастар мысалында табысты болу идеясын ілгерілету мақсатында 16.02.2019 жылы сағат 11.00-де «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы» ММ базасында оқушылардың биомедицина-ғалымы Саутбаева Зарина Бауржановнамен кездесуі өтті.

З.Б.Саутбаева 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 жаңа тұлғаларының қатарына енді, Назарбаев Университетінің оқытушысы, биология магистрі, обырға қарсы күрес жөніндегі халықаралық ұйымның (UICC) грант иегері болып табылады. Зарина Бауржановна-Манчестер университетінің түлегі (University of Manchester), Швейцарияның Базель қаласында және Бостондағы Гарвард медицина мектебінде машықтанудан өтті.

Кездесу аясында қала мектептерінің оқушылары биомедицина мамандығының ерекшеліктерімен танысып, Назарбаев Университеті мен шетелде білім алу ерекшеліктері, заманауи ғылыми үрдістер мен зерттеулер бойынша сұрақтар қойды.

 

1 2 3

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz