«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы оқушылардың шығармашылық қызметін жандандыру және ынталандыру мақсатында,  2019 жылдың 25 ақпанында «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы» ММ негізінде мектептік жобалардың  қалалық мультимедиялық фестивалі өткізілді.

Бұл фестивальдің негізгі мақсаты – білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен инновациялық нысандарды көпшілікке таныту және тиімді енгізу, ақпараттық ресурстарды әртүрлі, қызықты және қарқынды пайдалану, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды ілгерілету есебінен оқушылардың ынтасын дамыту болып табылады. Жобалардың мазмұны оқушылардың барлық қызығушылықтарын қамтиды, сондай-ақ мектеп тәжірибесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Фестивальге Қостанай қаласының 21 білім беру ұйымының оқушылары қатысты. Берілген өтініштер саны бес номинация бойынша 68 жұмысты құрады:

  • Үш өлшемді, екі өлшемді анимация және үлгілеу;
  • Электронды презентациялар;
  • Компьютерлік фильмдер;
  • Визуалды бағдарламалау;
  • Web-дизайн және Web-бағдарламалау.

Фестивальдің аяқталуы бойынша төменде көрсетілгендей қорытынды шығарылды.

«Үш өлшемді, екі өлшемді анимация және үлгілеу» номинациясында:

I орын – Димухаметова Анастасия, МГГ;

II орын – Имбергенов Тимур, МГГ;

II орын – Иванова Анастасия, ФМЛ;

II орын – Хайрова Алиса, №14 НМ;

III орын – Лисовская Ангелина, МГГ;

III орын – Касаткин Илья, МГГ;

III орын – Сапабекова Лаура, №20 ОМ.

 

«Электронды презентациялар» номинациясында:

I орын – Амиргалиева Гульназ, №20 ОМ;

II орын – Чернавин Роман, №16 ОМ;

III орын – Цитерко Каролина, №7 ОМ.

 

«Компьютерлік фильмдер» номинациясында:

I орын – Тажмағанбет Жалғас, №20 ОМ;

II орын – Алексеенко Вадим, №30 ОМ;

II орын – Литвяк Дмитрий, №7 ОМ;

II орын – Прихно Данил, Трапезников Данил, №23 ОМ;

III орын – Сабанова Екатерина, №14 НМ;

III орын – Искаков Ернар, №7 ОМ;

III орын – Лисовская Ангелина, Пуха Екатерина, Шлямова Мария, МГГ.

 

«Визуалды бағдарламалау» номинациясында:

I орын – Санников Владислав, №3 МГ;

II орын – Анщютц Владислав, №19 ОМ;

II орын – Шилов Петр, МГГ;

II орын – Қаңтарбай Мейіржан, №20 ОМ;

III орын – Пуха Анастасия, МГГ;

III орын – Гусев Алексей, №4 ОМ;

III орын – Лазурко Денис, №1 МЛ.

 

«Web-дизайн және Web-бағдарламалау» номинациясында:

I орын – Хамитов Абулкаир, МГГ;

II орын – Жолдыбаева Альбина, Бексултанов Тамерлан, №9 ОМ;

III орын – Рекичинский Альберт, №23 ОМ.

 

1 2 3 4

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz