2019 жылдың 15 – 17 наурыз күндері Қостанай қаласында еліміздің президенті жариялаған Жастар жылы аясында «Наурыз достарды шақырады!» атты І Халықаралық хореографиялық өнер фестивалі    өтті. Фестиваль Наурыз мерекесінің  қарсаңында ұйымдастырылуы да себепсіз емес. Наурыз – халықтар достығының, бірлік пен  берекенің  нышаны. Наурыз мерекесі халықтың ұлттық  салт-дәстүрлерін сақтап қалуға  ықпалын тигізеді.

Фестивальдің негізгі міндеттері: «Рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жағдай жасау; балалар хореографиялық шығармашылығын үгіттеу және қолдау;  ұлтаралық қарым-қатынастардың мәдениетін дамыту; жалпыадами  құндылықтар негізінде баланы тұлға ретінде  дамыту;  шығармашылық және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті дамыту; хореографиялық өнерді дәріптеу.

Би мерекесіне Қазақстан, Ресей, Татарстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен ұжымдар қатысты:

  • Халықаралық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты «Шашу» би ансамбілі (Астана қ.).
  • Халықаралық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты, Европаның Алтын жұлдыздар атағының иегері, халық биі бойынша Санкт-Петербург, Ресей  және  Әлем чемпионы,   Халықаралық ЮНЕСКО  би кеңесінің мүшелері,  «Невские зори» би ансамбілі (Санкт-Петербург қ., Ресей).
  • Южный Урал халықтық шығармашылығының құрметті ұжымы, «Ералаш» үлгілі би ансамбілі ( Челябі  қаласы).
  • «Бисеринки» би ансамбілі (Набережные Челны қ., Татарстан, Ресей).
  • Халықаралық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты, «Таберик» би ансамбілі (Бишкек қ., Қыргызстан).
  • Халықаралық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты, «Жемчужина» би ансамбілі (Ташкент қ., Узбекистан).

Қостанай обылысы мен Қостанай қаласының ұжымдары:  

  • Халықаралық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты,  «Карнавал» би ансамбілі.
  • Халықаралық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты, «Алтынай» би ансамбілі.
  • Аймақтық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты, «Маленький орел» би ансамбілі.
  • Аймақтық сайыстар мен фестивальдердің лауреаты, «Еркеназ» би ансамбілі.
  • народный ансамбль танца «Зарянка» хылық би ансамбілі.

Ұжымдар қостанайлық көрермендерге өз халқының би мәдениетін, халықтық хореографияны  ұсынды. Би мерекесінің мерекелік көңіл-күйін,  астаналық балалар мен ауыл аймақтарынан келген балалардың бір – бірімен қарым-қатынасы мен достығын фестиваль қатысушылары ерекше айтып отыр.

Қазіргі гаджеттер мен ақпараттық технологиялар заманында жастарымыздың  халық хореографиясына қызығуы, ынтамен басқа  халықтың мәдениетін қызыға қабылдауы - қандай керемет!  Ұлттық мәдениет – мәңгілік!

 

1 2 3

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz