Жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Kazakh Tourism ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп, 13-17 жас аралығындағы оқу озаттары, сонымен қатар тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін  «Көшбасшысы жолы» мектептік турын өткізеді.

Алматы-Үшқоңыр бағыты бойынша өткізілетін 3 күндік тур Мемлекет басшының қызметімен тығыз байланысты орындарға баруды қамтиды: Елбасы білім алған Қарасай батыр атындағы орта мектеп, Қазақстан республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, Батыр бабалар мемориалды кешені, Тұңғыш Президент Қоры, Тәуелсіздік монументі, Қазақстан Республикасы Орталық Мұражайы, 28 Панфиловшылар саябағы және т.б.

Аталған мектептік турында Қостанай қаласынан көктемгі демалыста 34 мектеп оқушысы – оқу озаттары, сонымен қатар тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, 3 мектеп өкілі және медициналық қызметкер тобы құрамы  қатысады.

Топтың баруы – 2019 ж. 26 наурыз, қайтып келуі – 2019 ж. 1 сәуір.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz