2019 жылдың 25 және 29 наурызы аралығында Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» аясында жас музыканттардың – балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының республикалық фестиваль-байқауы өтті.

Шығармашылық жарыста еліміздің барлық түкпірінен келген халық аспаптары бөлімдерінің өкілдері бас қосты. Байқауға барлығы 400 астам қатысушы – ансамбльдер мен жеке орындаушылар қатысты.  102-сі «Қазақ халық аспаптары» аталымы бойынша бәйгеге түскен 150 жуық жеке орындаушы мен 18 қобыз, домбыра және аралас ансамбльдер Қазақстанның үздіктері атағы үшін бақ сынасты.

Қостанай қаласының  Балалар музыкалық мектебінің оқушылары үздік нәтижелер көрсетті.  «Жеке орындаушылар» аталымы байқауының қорытындысы бойынша келесідей орындар анықталды: кіші және орта жастағылар тобы: Молдағалиева Айым (қобыз) мен Латыпов Талғат (баян), Қайыркешова Адия (қобыз), Попович Виолетта (домра) Гран-при иелері болды. «Шығармашылық ұжым» аталымы бойынша Қостанай қ. №1 БММ Қазақ халық аспаптары ансамблі бірінші орынды иеленді.

Мұндай жоғары жетістіктерге қол жеткізу жоғары білікті, өз ісінің шебері болып табылатын, талантты шәкірттерінің дамуы үшін талмай тер төгіп жүрген, күш-жігері мен бар білгенін балаларына беріп жүрген Белгібаева Баян Жұмағалиқызы, Рядинская Галина Николаевна, Егорова Татьяна Владимировна, Әмірова Гүлхауан Сейілханқызы, Тұрлыбаева Динара Кенжебайқызы, Прохорова Вера Павловна, Молдахметова Назгүл Молдабекқызы секілді педагогтар мен концертмейстерлердің ерен еңбегінсіз еш мүмкін болмаған болар еді.

 

1 2 3 4

5 6 7

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz