1 сәуір күні №5а мектеп-гимназиясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде "Ступеньки открытий" атты зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың қалалық конкурсы өтті.", мақсаты-жобалау дағдылары мен зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқауға қала мектептерінен 200 оқушы қатысты. Жеке және топтық жобалар ұсынылды. Жұмыстар келесі секциялар бойынша жүргізілді: роботтық техника, этнотолеранттық, дүниетану, салауатты өмір салты, ағылшын тілі, бейнелеу өнері және музыка, технология.

Жұмысты таныстыру барысында барлық оқушылар зерттеушілік шеберліктің жеткілікті деңгейін, интеллектуалдық шығармашылықты, коммуникативтік біліктерді, дербестіктің жеткілікті деңгейін көрсетті. Балалар әр секцияда өте маңызды тақырыптармен бөлісті. Бірінші сынып оқушылары ғылыми қорытындылармен батыл әрекет етіп, таңдалған тақырыптың практикалық маңызы мен өзектілігін дәлелдеді.

Көрнекі материалдар: макеттер, схемалар, суреттер,  тарихи құнды заттар болды.Жобаға қатысқан 109 жас зерттеуші жеңімпаз атанды, барлық оқушылар конкурсқа қатысушы сертификаттарын алды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша гран-при берілген кейбір жұмыстары ерекше қызығушылық тудырды. № 24 МГ оқушысы Тұрғанбек Бекзат күрделі операцияларды орындайтын керемет робот моделін жасады. Ол робот тек қана балалар ойыншығы емес екенін дәлелдеді.  №5а мектеп оқушысы Стрелкова Анастасияның «Жасыл алма» Тарихы» зерттеу жұмысы, газеттің пайда болу тарихынан бүгінгі күнге дейінгі үлкен ақпаратты қозғаған. Нәтижесінде Настя 1 орынға ие болды.

Бұл жас зерттеушілердің жарқын мерекесі екенін атап өтуге болады. Балалар қуана-қуана қарым-қатынас жасап, тәжірибе бөлісіп, пікір алмасты. Бұл іс-шара жас зерттеушілердің зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аударады.

 

1 2 3

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz