2019 жылдың сәуір айында Қостанай қаласының 34 білім беру ұйымдарының педагог-психологтарын оқыту мақсатында, екі күндік семинарлар (19-20 және 26-27 сәуір) өткізілді.

Семинар тақырыбы «қауіп тобындағы» балаларға дағдарыстық кеңес беру, сүйемелдеу және оңалту мәселесін, сондай-ақ психологиялық қызметтердің жұмыс тәжірибесін жинақтай отырып, жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқындағы мектептің «дағдарыс тобының» іс-қимыл алгоритмін қамтыды. Оқыту мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау аясында ұйымдастырылды, «Мен өмірді таңдаймын» жобасы «Көмек» қоғамдық қорымен іске асырылды. Семинарды дәрігер-психиатр, психотерапевт, м. ғ. к., Василенко Игорь Викторович өткізді. Жоба аясында 2 әдістемелік құрал әзірленді. Семинар соңында психологтар әдістемелік материалдар, электронды тасығыштардағы ақпарат, семинар тыңдаушыларының сертификаттарын алды.

Айта кетейік, 2019 жылы өткізілген семинарлар 2018 жылдың шілде-тамыз айларында «Көмек» ҚҚ өткізген психологиялық қызмет мамандарын кәмелетке талмағандардың суицидтік тәртібінің алдын алу мәселесі бойынша оқытудың қисынды жалғасы болып табылады.

123

4567

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz