2019 жылғы 27 сәуір күні «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы» ММ аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті.

Аталмыш конкурстың мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, сонымен қатар талантты және дарынды балаларды таңдау, оларға  қолдау көрсету болып табылады.

Конкурсқа 19 секция бойынша 246 жоба ұсынған, Қостанай қаласы мектептерінің  8-10 сыныптарынан 306 оқушы қатысты.

Оқушылардың жұмыстарын Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының професорлық-оқытушылық құрамы бағалады. Әділқазылар алқасының шешімімен 128 жүлделі орын анықталды, соның ішінде I орын - 24,  II орын - 43, III орын -  61.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының 76 жобасы  облыстық кезеңінде қаланың намысын қорғайтын болады. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және оларға конкурстың

облыстық  кезеңінде сәттік тілейміз!

123

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz