Ағымдағы жылдың 03 мамырында біздің қаламыздың оқушылары, атап айтқанда 900 төртінші сынып оқушылары және 500-ден астам оныншы сынып оқушылары оқу жетістіктерін қалалық тәуелсіз бағалауға қатысты. Бұл ішкі бақылау жүйесі 2011 жылдан бері бар. Жыл сайын тәуелсіз бақылау жүргізуді жобалай отырып, біз дамудың басымдықтарына сәйкес келетін жаңа міндеттер қоямыз. Ағымдағы жылы бағалау Қазақстан тарихы және алгебра бойынша 10-сыныптарда, орта мектепте сапалы жаратылыстану-ғылыми білім беруге қажетті негіз болып табылатын «Дүниетану» пәні бойынша 4-сыныптарда өткізілді.

Іс–шараның басты мақсаты-оқушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгеруін қамтамасыз ету бойынша одан әрі қызметті түзету үшін білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі. Оқу жетістіктерін қалалық бағалау емтихан болып табылмайды, оның нәтижелері оқушылардың үлгерімінің тоқсандық және жылдық қорытындыларына ешқандай әсер етпейді.

Бағалау қорытындысы бойынша білім бөлімі талдау қорытындысын әзірлеп, әр мектептің назарына жеткізеді.

2

1

3

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz