2019 жылы 06 мамырда  "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің" жоспарына сәйкес № 15 бөбекжай-бақшасының базасында «Инновациялық оқу-әдістемелік өнімді пайдалану арқылы мектепке дейінгі баланың танымдық қызметін дамыту бойынша жүйелілікті дамыту» атты мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған қалалық әдістемелік кеңес өтті.

Әдістемелік кеңесте мектепке дейінгі жастағы балаларды инновациялық оқу-әдістемелік өнімді пайдалану арқылы танымдық қызметті дамыту бойынша оқыту мәселелері талқыланды. Мектепке дейінгі тәрбие секторының жетекшісі А. Боранбаева инновациялық оқу-әдістемелік өнімді пайдалану арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың  танымдық қызметін дамыту бойынша жүйелілікті № 3,5,17,27 балабақшалардағы педагогикалық ұжымдардың қызметін зерттеу бойынша аналитикалық анықтаманы ұсынды. №51, 69 бөбекжай-бақшасының әдіскерлері Урусова Е. А., Троценко Т. А. «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында педагогикалық тәжірбие және оның әдістемелік қолдауы», «Педагог жұмыстарының заманауи әдістері мен тәсілдер-мектепке дейінгі баланың табысты тәрбиесінің кепілі" атты тақырыптары бойынша жұмыс тәжірбиелерімен бөлісті.

Әдістемелік кеңеске мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың 40 әдіскері қатысты. Қатысушылар әдістемелік кеңестің жоғары сапасын, өзектілігін, мазмұндылығын, сондай-ақ осы мәселе бойынша педагогтардың кәсібилігін атап өтті.

Әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға инновациялық оқу-әдістемелік өнімдерді қолдану арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызметін дамыту бойынша ұсыныстар ұсынылды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz