«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәрбие және білім» негізгі бағыты «Отаным тағдыр» атты кіші бағдарламасы жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру мақсатында 2019 жылы 8 мамырында Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған «Жеңіс біздің қолымызда болады!» әскери-спорттық эстафета өткізілді.

Әскери-спорттық ойын «Қостанай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірлесіп ұйымдастырылды. Ойынға Қостанай қаласының 20 аула клубынан 100 тәрбиеленуші қатысты. Аула клубының тәрбиеленушілері жарықсыз инженерлік қоршауды еңсеру, кешенді-күш жаттығуларын орындау, Калашников автоматын бөлшектеу/құрастыру, мақсаттарды жою бойынша міндеттерді орындау, жараланған адамды эвакуациялау сияқты кезеңдерден өтті.

Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді::

I орын – «Буревестник» аула клубы

II орын – «Жұлдыз» аула клубы

III орын – «Ровесник» аула клубы

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

12435

 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz