2019 жылғы 14 мамырда Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес "Антошка" балабақшасының базасында "Мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасын жобалау үлгілері" атты тақырыбы бойынша жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың директорларына арналған қалалық семинар-практикум өткізілді. Іс-шараға 23 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары қатысты.

Семинар-практикумды білім бөлімінің мектепке дейінгі секторы, "Антошка" балабақшасының меңгерушісі С. Ш. Нұранова, "Ясмин" балабақшасының тәрбиешісі Л. А. Федышева, "Родничок" балабақшасының әдіскері Ю. В. Николаева дайындады және өткізді. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған конструктордың түр-түрлерімен "конструктор қаласы" атты көрме ұсынылды. 

Семинар материалдары мен баяндамаларының мазмұны мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту өзіндік білім беру қызметін жандандыру үшін жақсы мотивациялық негіз болып табылатынын көрсетті.

Семинар-практикумның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға мектепке дейінгі ұйымда білім беру ортасын моделдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.

124

365

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz