2019 жылғы 15 мамырда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А. М. Горький атындағы Гимназиясы» ММ аясында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті.

Турнирдің мақсаты бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын анықтау, қолдау және дамыту болып табылады.

Турнирдің негізгі міндеттері:

           - математика саласында бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы бойынша шығармашылық қарым-қатынас жасау үшін командалық жарыстар түрінде арнайы жағдайлар жасау;

           - бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;

           - бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, математика пәнінен білімдерін тереңдету және кеңейту.

Қостанай қаласынан «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңіне «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.М. Горький атындағы Гимназиясы» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» ММ мектептерінен 3 команда ұсынылды.

Турнир қорытындысы бойынша 3 команда жүлдегер атанды:

Малиновский Вячеслав 2 қазақша

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» ММ

Аймакенов Ануар 3 қазақша
Утибаев Каримбек 4 қазақша
Орлова Дарья 2 орысша

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ

Темирбаев Султан 3 орысша
Кукета Савелий 4 орысша
Шахматова Ксения 2 орысша

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.М. Горький атындағы Гимназиясы» ММ

Ахметжанов Султанбейбарс 3 орысша
Блохина Алина 4 орысша

«Бастау» республикалық математикалық турнирінің қорытынды кезеңіне қатысуға «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» ММ және «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ ұсынылды.

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық «Бастау» математикалық

турнирінің қорытынды кезеңінде табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!

2

1

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz