2019 жылғы 25 мамырда Қостанай қаласының барлық білім беру ұйымдарында (мектептерінде) 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиындар өтті.

Бұл шараға 1-сынып пен 10-сынып оқушылары және ата-аналар қауымдастығының өкілдері шақырылды. Салтанатты жиындар сағат 10.00-де басталды. Жиындар педагогикалық ұжымы толық құрамда, сондай-ақ шақырылған қонақтар: білім бөлімінің қызметкерлері, меценаттар, қалалық мәслихатының өкілдері қатысты. Қостанай қаласының №1 МЛ салтанатты жиынына Қостанай қаласының әкімі Ахметов Қайрат Жұмашұлы, Ибраева Айман Елеманқызы, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысы, педагогикалық еңбек ардагерлері мен түлектердің ата-аналары қатысты. Салтанатты іс-шара ресми және мерекелік бөлімнен тұрды. Ресми бөлімге: ту көтеру тобының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жиынға шығару рәсімі, Қазақстан Республикасының әнұранын орындау, мектеп директоры мен шақырылған қонақтардың құттықтауы кірді. Қонақтар түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, оларға қорытынды аттестацияны, ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруларын тіледі.

Мектеп директорлары мектеп түлектерін және олардың ата-аналарын құттықтады. Сонымен қатар, ата-аналар қоғамдығының құттықтаулары тыңдалды. Салтанатты жиындардың негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыруға арналды, сонымен қатар, мереке сценарийіне «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының және Қазақстан Республикасындағы жастар жылының негізгі тезистері мен идеялары енгізілді. Қалалық конкурстар мен олимпиадаларға арналған марапаттау рәсімінің ресми бөлігі, қорытынды емтиханға жіберілген оқушылардың тізімін жариялау жалғастырылды.

Салтанатты жиындардың мерекелік бөлімінде алғашқы мұғалімнің, сынып жетекшісінің құттықтау сөздері, бірінші сынып оқушылары мен 10-сынып оқушыларының атынан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде құттықтау тақпақтары мен өлеңдері айтылды.

Соңғы бөлімде мектеп түлектері шағын концерттер ұйымдастырып, мектеп мұғалімдеріне алғыс сөздерін білдірді. Сонымен қатар, мектеп вальсі орындалды, соңында түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті және түлектердің өздері, олардың ата-аналары мен мұғалімдері жылы әсерлерін қалдырды.

1v1.jpg2v2.jpg11v.jpg3v3.jpg4v4.jpg

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz