2019 жылы 30 мамырда балалар шығармашылығы мектебінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Саналы азамат» кіші бағдарламасы жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты шараға мектеп оқушылары, жеңімпаздарды дайындаған пән мұғалімдері, мектеп директорлары, ата-аналар қатысты.

Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңдеріне барлығы 78 қостанайлық оқушы қатысты, оның ішінде 36 оқушы жүлделі орындарға ие болды: бірінші - 3, екінші-12, үшінші - 21.

Жеңімпаздарды марапаттау Қостанай қаласының мектептері үшін жақсы дәстүрге айналды. А.М.Горький атындағы гимназия, физика-математика лицей, С.Мәуленов атындағы гимназия, №1 мектеп-лицей, №2 мектеп-лицей, №3 мектеп-гимназия, №18 мектеп-гимназия, №7 орта мектеп және М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне шын жүректен алғыс сөздер айтылды.

Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Каркенов Рустем Хаирович әкім атынан 36 оқушыны алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықпен (1–қосымша), 31 педагогты алғыс хаттармен және бір лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйлық алуға сертификаттармен (2-қосымша), 9 мектеп директорын алғыс хаттармен (3-қосымша) марапаттады.

Олимпиада мен ғылыми жобалар байқауының қорытындысы оқушылардың жоғары зияткерлік әлеуеті мен мұғалімдердің жоғары педагогикалық шеберлігін тағы да дәлелдеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

123

465

 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz