1 маусымда Қостанай қаласында Балаларды қорғау күніне арналған  шығармашылық ұжымының дәстүрлі шеруі өтті. Іс-шара «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбиені қолдау және дамыту, балалардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыру, сондай-ақ оқу жылының аяқталуына және көптен күткен демалыс болуына орай мерекелік көңіл-күй туғызу мақсатында өткізілді. Мерекелік іс-шараның ұйымдастырушысы- «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ.

          Мерекелік шеру сағат 10:00-де басталды. Бұл шеруде 2500-ден астам балалар және жастардың музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерлерінің өкілдері қатысты. Маршрут облыс әкімдігінің алаңы арқылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті алдындағы алаңға дейін өтті. Шеру шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.

         Балаларды қорғау күні-бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, балалардың бақытты өсуіне, оқып-үйренуге, өздерінің сүйетін нәрселерін жасайтынына және болашақта жақсы ата-ана болып, өз елінің азаматтары болу үшін қоғамға баланың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы еске салады.

          Іс-шара барысында көп балалы отбасылардан шыққан 44 бала қатысқан Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Мерекелік отбасылық түскі ас» акциясы өткізілді. Олар үшін "Кардилен", "Золотой фазан", "Время" мейрамханаларында мерекелік түскі ас  және арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

         Мерекелік іс-шара барысында 120 балаға орталық саябақта балалар аттракциондары мен «"Кукуруzа» отбасылық ойын-сауық саябағына бару ұйымдастырылды.

         "Поместье", "Сұлтан Сарай", "Премиум Паллас", "Рататуй" мейрамханалары көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында тағы 22 отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде атаулы көмек көрсетті.

          Балалық шақ барлық балалар үшін бақытты және көңілді болуы тиіс. Олар бізге толығымен сенеді, бізді қажет етеді. Сондықтан балалар үміттерін қуанта отырып,  оларға бақытты және сүйікті болуға көмектесейік.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

14

23

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz