Мектеп бітіру кеші-әр түлектің өміріндегі үлкен өмірге көшуді бейнелейтін маңызды оқиға. 2019 жылдың 12 маусымда 11 сынып оқушылары үшін мектеп бітіру кеші өткен республика бойынша бірыңғай күн. Іс-шара ресми және салтанатты бөлімдерден тұрды.

Мектеп бітіру іс-шарасының ресми бөлімінде Қостанай қаласы мектептерінің қабырғаларында жалпы орта білім беруді аяқтау туралы аттестаттарды салтанатты марапаттау ұйымдастырылды. Салтанатты бөлім мектеп дәстүріне сәйкес өткізілді және концерттік бағдарлама болды. Түлектер ата-аналар мен мұғалімдерге алғыс сөздер айтты.

Салтанатты бөлімнен кейін Қостанай қаласының мектептерінің қабырғаларында түлектер облыс әкімдігінің алаңында «Түлектер форумы – 2019» қалалық іс-шарасына қатысты. Іс-шараға мыңнан астам мектеп түлектері, сондай-ақ ата-аналар, педагогтар, құрметті қонақтар қатысты. Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.К. Жундубаев мектеп бітірушілерді құттықтап, ерекше мақтауға лайық оқушыларға «Алтын белгі» белгісін табыс етті. Мектеп түлектері мен сынып жетекшілерінен алғыс сөздер айтылды.

1234

5678

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz