Қостанай қаласында және Қостанай облысы бойынша балалардың терезелерден, биік ғимараттарының балкондары мен шатырларынан құлауға, суда қаза болуға байланысты жазатайым оқиғалар жиілеп кетті. Сонымен 17-мамырда Қостанай қаласында 5 жасар бала терезеден құлап түсті, 2-маусымда Қостанай қаласында 13 жасар ұл бала құлап түсті, 3-маусымда Лисаков қаласында 17 жастағы студент суға батып кетті, 11-маусымда Рудный қаласында үйдің 8-кабат балконынан 7 жастағы қыз (қаза) құлап түсті, 11-маусымда Әулиекөл ауданында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті.

Балалардың жарақаттануы мен қаза болуын болдырмау мақсатында балалар мен олардың ата-аналарына жазғы кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударуды ұсынамыз.

1kaz2kaz

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz