«Алтынай» үлгілі хореографиялық ансамблі, балалар шығармашылық мектебі «Күншуақ» халықаралық фестиваль-байқауында бірден екі санат бойынша бас жүлдені иеленді.

Байқау Алматы қаласында өтті. Біздің жас бишілер жеңіспен оралды. Фестивальға 100-ден астам би ұжымдары қатысты. Байқау жоғары деңгейде өтті. Балалар шығармашылығы мектебінің «Алтынай» үлгілі хореографиялық ансамблінің тәрбиеленушілері өздерінің еңбектерін, дарынын дәлелдеп, екі санатта бірден екі гран-приді жеңіп алды.

Биыл хореографиялық ұжымның құрылғанына 16 жыл толды. Қысқа уақытта ансамбль бірнеше марапатқа ие болды. Олардың қатарында «Күншуақ», «Звездный танец», «Танцевальная волна», «Тәңір күбірі», «Volnafest Sochi» сияқты халықаралық байқаулар бар.

Бүгінгі таңда ансамбльде 200-ден астам адам жұмыс істейді, ал ұжымның репертуары 50-ден астам қойылымға жетеді. Олардың қатарында «Водопад», «Қарлығаш», «Гномики», «Малайзия», «Жайдарман», «Хорезм», «Тундра», «Армянский танец», «Үкілi домбыра», «Осетинская хонга», «Гүл шуағы», «Аққу-арай», «Томирис», «Кербез қыз» және т.б. бар.

1

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz