Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі жыл сайын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді, атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды, мүгедек балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды қала сыртындағы демалыс пен сауықтыру лагерлерінде және мектеп жанындағы алаңдарында сауықтыруды ұйымдастыруды өткізеді.

Осы жазда әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 350 бала Қостанайдан 30 шақырым қала сыртындағы қалың қарағайлы жерде орналасқан «Светофор» сауықтыру лагерінде өткізді.

Мұнда олар үшін демалудың белсенді түрлері ұйымдастырылды.  Балалардың демалыс күнінің әр минуты жазулы болды. Барлық балалар саяхаттауға, ән айтуға, ғажайыптар жәрмеңкесіне, сән көрсету және т.б. іс-шараларға белсене қатысты.

Жеті және 15 жас аралығындағы оқушылар аз уақыт ішінде күш жинап, өмірлерін пайдалы сабақтармен және жаңа танысулармен толықтырды.

Қазір жаздың нағыз қызған шағы, жаздың екі айы әлі алда болғандықтан, ең бастысы қауіпсіздікті есте сақтау қажет. Жаз мезгілінде көптеген күтпеген жағдайларға тап болып жатамыз. Балалар мен жасөспірімдермен болған жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – қауіпсіздікті сақтамау және ауыр жағдайдан шыға алмау болып табылады. Сондықтан әрбір ата-ананың балаларға тәртіп ережелерін айтып отыруы артық етпейді.

Жазғы демалыс барлық балаларға қуанышты әрі пайдалы болсын, қызықты оқиғалармен есте қалсын, жаңа оқу жылына жаңа күш жинап, тек жағымды әсерлер қалдырсын!

1

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz