1 новый размер

Әрбір оқушы үшін қыркүйектің бірінші күні қызықты сәт, ал оқуға қажеттіні дайындау ата-аналардың ең қиын кезеңі болып табылады. Бірақ ата-аналарында балаларды форма, кеңсе құралдарымен, сыртқы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» Республикалық қайрымдылық акциясы өткізіледі.

Акцияның басты мақсаты – мұқтаж отбасыларға көмек беру.

Педагогтарды, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді және мұқтаж отбасылардың мәселелеріне бей-жай қарамайтын  барлық тұрғандарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Сіздердің көмектеріңізге мұқтаж балаларға мейірімділік пен көмек көрсетуді сұраймыз. Жаңа оқу жылының қарсаңында мұқтаждарға материалдық көмек қажет болады.

Бөтен балалар болмайды! Біздің еліміздің барлық мектеп оқушылары 1 қыркүйекте батыл әрі сенімді түрде өз сыныптарына баруы үшін  қолымыздан келгенше тырысамыз. Себебі, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай «Елдегі әрбір балаға лайықты білім алу мүмкіндігі - қоғам дамуының басты факторы». Яғни, сондықтан да «Мектепке жол» акциясы 2019 жылдан бастап Қостанай қаласында өз жұмысын жалғастырады.

Акция қатысушылары Қостанай қаласы, А.Байтурсынов көшесі 67, 114 каб. мекенжайы бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жүгіне алады.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz