«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2019 жылы 24 маусымда «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Отбасын ресурстық қолдау орталығы» - «Ресурсного центра поддержки семьи»  ашылды.

Аталған орталықтың мақсатты, отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, отбасылық қолайсыздықтарды ерте анықтауға, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасы мен балаға уақытылы көмек көрсетуге, халыққа тегін психологиялық, заңгерлік, педагогикалық және басқа да кеңес-әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Күн сайын сағат 09.00-18.30 аралығында орталықта әр түрлі деңгейдегі 7 маман жұмыс істейді: екі психолог, нарколог, медиатор, әлеуметтік педагог, заңгер, қоғаммен байланыс маманы.

Бұдан бөлек, жоғарыда аталған мамандардан басқа, халыққа көмек көрсету үшін апта сайын жұма күні «Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ, Қостанай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары жұмыс істейді.

Сіз «Отбасын ресурстық қолдау орталығында» барлық сұрақтар бойынша тегін кеңес және мамандардың тиісті көмегін ала аласыз.

Орталық Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 100/1 мекенжайы бойынша Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында орналасқан.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz