Басып шығару
Қаралды: 225

вакансия

Байқау жариялайды: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

Лауазымы: «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ басшысы

Мекенжайы: «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы, 7 шағын аудан 25/2

Біліктілік талаптары: Байқауға қатысу үшін үміткерлерге талап етіледі:

      1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

      2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі, басшы лауазымындағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

      3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) санаттарының болуы);

       4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама

      5) сотталмағандығы туралы анықтама.

Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері: қосымшада

Лауазымдық жалақы мөлшері: 90786-дан 110075-ге дейін, еңбек өтіліне байланысты

Байқауды өткізу күні мен орны: 2019 жылғы 14-16 тамыз "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі және орны: 07.08.2019-13.08.2019, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ №401 каб

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады:

      1) білім беруді басқару органы басшысының атына тіркелген орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама

      9) сотталмағандығы туралы анықтама;

     10) тестілеуден өткені туралы анықтама (бар болса);

      11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

      Байқауға қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері кадрлар қызметімен немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен және мөрмен куәландырылады.

Байланыс телефоны: 7142-54-30-07, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

должностные обязанности директоров на государственном языке

должностные обязанности директоров на русском языке