1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде бұл акция Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Токаевтың тапсырмасы бойынша басталды.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде материалдық және өзге де көмек көрсету мен балалардың әлеуметтік себептері бойынша мектепке бармауының алдын алу.

Сонымен, 27 тамызда Қостанай қаласы әкімінің орынбасарлары А.Т. Касимов, О.Ж.Нургалиев және аппарат басшысы В.В.Клочко әлеуметтік қорғалмаған санаттағы бес оқушыға мектепке дайындалуға жалпы сомасы 250 000 теңге материалдық көмек көрсетті.

Балаларға оқу жылының басталуына қажетті мектеп және спорттық киім, аяқ киім және кеңсе заттары тапсырылды.

Педагогтарды,  кәсіпкерлерді және аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың мәселеріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз.  

Акцияға қатысушылар «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-не мына мекенжай бойынша: Қостанай қ., А. Байтұрсынов көшесі 67, 114 кабинет, телефон: 54-52-28 сұрақтарымен жүгіне алады.

 

 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz