«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ (Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67-үй) жеке меншік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша байқау өткізеді. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ (Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беру Ережелеріне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша жеке білім беру ұйымдарында конкурс өткізеді.

Байқауға барлық құжаттама пакетін ұсынған бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары жіберіледі.

Қажетті құжаттар:

1) осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;

       2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

      4) Жарғының көшірмесі;

      5) Екінші деңгейдегі банктер шығарған, банктік берешектердің жоқтығы туралы анықтамасы (еркін нысанда);

       6) «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен, бекітілген нысан бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген).

Байқаулық құжаттар пакеті «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67-үй, №403 кабинет мекенжайы бойынша ұсынылады.

Құжаттар пакеті 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін кешіктірмей қабылданады.

Байқаулық  комиссияның отырысы келесі мекенжайда өтеді:

2019 жылғы қыркүйекте Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67-үй, №401 кабинет.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7142)54-71-30 Галия Жумабековна.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz