2019 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жас әскери қозғалысты дамыту, әскери қызметті насихаттау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру мақсатында «Жас әскер»! әскери-патриоттық клубтарының облыстық слеті өткізілді.

Іс-шара Қостанай гарнизонының 6697 әскери бөлімі базасында өтті. Слетті ұйымдастырушылар: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беруді дамытудың өңірлік орталығы.

Бағдарлама бірқатар кезеңдерден тұрды, атап айтқанда жалпы физикалық дайындық, пневматикалық винтовкадан ату, АК-74 автоматын толық бөлшектеу және жинау, газқағарды және плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, әскери-далалық тактикалық ойын және шығармашылық байқау.

Облыстық слетке «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық слетінің тәрбиеленушілері қатысты, олар кезеңдерде табысты өнер көрсетті: жеке есепте - азаматтық қорғаныс бойынша 1 орын Мұқанов Дилар, Никогосян Гурген автоматын құрастыру/бөлшектеу бойынша 2 орын, пневматикалық винтовкадан ату бойынша 3 орын Кенибаев Аблайхан; командалық есепте – Автоматты құрастыру/бөлшектеу бойынша 2 орын, азаматтық қорғаныс бойынша 1 орын, тартылу бойынша 2 орын, пневматикалық винтовкадан ату бойынша 2 орын, кросс бойынша 3 орын.

Нәтижесінде «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық слет командасы ІІ жалпыкомандалық орынға ие болды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz