Ағымдағы жылдың 3 қазанында Жастар сарайында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов барлық педагогтарға шын жүректен алғыс білдірді. Ол мұғалім мамандығы ең күрделі кәсіптердің бірі және бүгінгі күні еліміздің болашағын сеніп тапсыратын ұрпаққа тәрбие беру ұстаздарға жүктелетінін атап өтті. Әкім педагогтар алға қойған барлық міндеттерді орындай алатынына үлкен үміт білдірді. Іс-шараның салтанатты бөлімі дәстүрлі түрде марапаттау рәсімімен аяқталды.

Облыстың ең үздік педагогтары аталып өтті, олардың ішінде біздің қостанайлық мұғалімдер де бар. М.Горький атындағы гимназияның физика пәні мұғалімі Надежда Антонова Аржаматова «Құрметті қызметкер» төс белгісімен жоғары марапатқа ие болды.  Облыс әкімінің грамоталарымен №19 орта мектебінің директоры Наталья Серафимовна Шагабутдинова және «Карнавал» мектебінің хореография мұғалімі Анна Юрьевна Сергеева, аула клубының директоры Зинаида Ивановна Василькевич марапатталды. Сонымен қатар, С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназия директоры Бекежан Кушмурзинге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты табыс етілді.

Біздің әріптестерімізді лайықты марапатпен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақыт, жұмыста табыс, жаңа шығармашылық шыңдарды бағындыруды тілейміз!

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz