2008 жылдан бастап Қостанай қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды.

Ағымдағы жылы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» акциясы бір ай бұрын басталды.

«Жүректен жүрекке» осындай ұранмен Қостанай қаласында 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында акция өтті.

Акцияның басты мақсаты-жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету.

          Акция шеңберінде оқу жылының басталуына дайындық және балалардың әлеуметтік себептер туралы мектепке бармауының алдын алу бойынша нақты атаулы көмек көрсетілді.

          Акцияға мемлекеттік қызметшілер, қалалық мәслихат депутаттары, мұғалімдер, ата-аналар, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

          Акция қорытындысы бойынша Қостанай қаласында аз қамтылған, көп балалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан 1200 балаға 18 млн.300 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, акция шеңберінде білім беру ұйымдары құқық қорғау органдарымен бірлесіп мектепке себепсіз бармайтын балаларды анықтау және есепке алу мақсатында 10 рейдтік іс-шара өткізді. Мектепке бармаған балалар анықталған жоқ.

Қостанай қаласының білім бөлімі осы акцияға қатысқандардың барлығына алғыс білдіреді.

Сіздер көрсеткен көмек игілікке қызмет етті. Біздің еліміздің барлық оқушылары өз сыныбына батыл және сенімді кіруін бірге жасай аламыз.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz