Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қостанай қаласында мемлекеттік тілде білім беретін  №28 мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу рәсіміне қала әкімі Қ.Ахметов, Қостанай қаласының құрметті тұрғындары, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы, БАҚ өкілдері қатысты.

Қала әкімі Ахметов Қайрат Жұмашұлы іс-шараға қатысушыларды шын жүректен құттықтады. Өз сөзінде ол мемлекеттік тілде оқытатын мектептің ашылуы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген қазақ тілінің рөлін күшейту және жалпы білім беруді дамыту саласындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Ұлы Абайдың 175 жылдығы, философ әл-Фарабидің 1150 жылдығы жаңа гимназияның ашылуы қарсаңында білім алушылар үшін шынайы патриотизмнің кепілі болатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының бірінші басшыларының бірі Көпешев Беген Қаженұлы, белгілі ақын, драматург Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы және ата-аналар қауымдастығының өкілі Қыдырбек Қиысхан сөз сөйледі. Олар атқарылған жұмыс пен  қаланың дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесі, өсіп келе жатқан ұрпаққа деген қамқорлығы үшін әкімге алғыстарын білдірді.

Жаздың басында қала тұрғындары арасында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бірі жабылатын қауіптер болды. Алайда, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны қысқармады, бүгінде олардың саны 7 - ге жетті.

Мұнда сапалы білім беру үрдісі үшін мақтана алатын барлық жағдайлар жасалған.  Ғимаратты ағымдағы жөндеуге және жабдықтауға 250 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді: жергілікті бюджеттен - 160 млн.теңге және демеушілік қаражат - 94,7 млн. теңге.

Қысқа уақыт аралығында ғимараттың шатыры жөнделді, жылыту және сумен жабдықтау жүйесі ауыстырылып, ғимараттың алдыңғы жағы жаңартылды. Сондай-ақ, гимназия үшін асханалық және музыкалық жабдықтар, сыныптарға жаңа жиһаздар, спорт жабдықтары орнатылды, химия, физика, биология, хореграфия, робототехника кабинеттеріне қаржы бөлінді.

Мектептің жобалық қуаты – 900 орынды құрайды. Бүгін 500-ге жуық оқушы оқиды, сондықтан гимназияға білім алушыларды қабылдау жалғасатын болады. Сондай-ақ гимназия ғимарытының ішінде 90 орынды құрайтын қазақ тілінде оқытатын шағын орталық ашылады.

Бұл дегеніміз, жаңа мектеп жақын маңдағы мектептер мен шағын орталықтардың толымдылығын жояды, ең бастысы, оқушылардың ана тілінде білім алуына қолайлы тілдік ортаны құрайды.

12345

678910

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz