Қазан айында Қостанай қаласының білім беру ұйымдары арасында "Кәсіптік бағдар кабинеттерінің фестивалі" атты байқауы өтті. Конкурсты Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "Кәсіп таңдау" жобасын орындау шеңберінде "Қостанай облысы бойынша Іскер әйелдер ассоциациясы" ҚБ өткізді.

            Байқаудың мақсаты - білім беру ұйымдарында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау бойынша кәсіби бағдар беру жұмысының тәжірибесін анықтау және қортындылау. Қазылар алқасының құрамына "Қостанай облысы бойынша Іскер әйелдер ассоциациясы" ҚБ жоба басшысының төрағалық етуімен, мемлекеттік ұйымдар мен бизнес құрылымдардың өкілдерінің мүшелері кірді.

            Байқаудың қазылар алқасы балдық жүйе бойынша критерийлерге сәйкес байқау жеңімпаздарын анықтау үшін кәсіптік бағдар кабинетінің (бұрышының) жағдайын бағалады. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды М. Хәкімжанова атындағы  №20 ОМ иеленді, 2 орынды №7 орта мектебі мен А. М. Горький атындағы гимназия бөлісті, 3 орын – №8 орта мектебі.

14235

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz