2019 жылы 29 қазанда «Физика-математика лицейі» ММ базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің қалалық отырысы өтті.

Бұл іс-шараға Қостанай қаласының орыс филологиясының 33 педагогы қатысты. Қалалық әдістемелік бірлестігінің жұмысы барысында лицей кафедрасының жұмыс тәжірибесі ұсынылды:

1) Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру шарты ретінде үй тапсырмасын оңтайландыру.            Д.У.Дубинина

 2) Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі ретінде мәтінмен жұмыс істеу.                                                          А.М.Медведко

3) Үй тапсырмасын орындауға рұқсат етілген шекті уақыт нормаларына сәйкес оңтайландыру.                                    Т. Ж.Климентьева, Д.У.Дубинина

 4) Оқушыларды өзіндік жұмыс жасауға арналған материалдар арқылы жиынтық жұмыстарды сәтті орындауға дайындау.                      Г.И.Заика

5) Сабақтан тыс әрекетті оңтайландыру құралы ретіндегі қашықтықтан оқыту.                                                                      Ю.И.Яковец

 6) Дарынды балалармен жұмыс түрі ретіндегі қашықтықтан оқыту курстары (оқушылардың ғылыми жобалары, зерттеу күнделігі).

Қалалық әдістемелік бірлестігінің шеңберінде қалалық шығармашылық топ қызметінің «Орыс тілі мен әдебиеті бойынша 6,8 сыныптарға арналған бақылау жұмыстары (қазақ және орыс тілдерінде оқыту) ұсынылды. Педагогтармен ұсынылған жұмыс тәжірибесін отырысқа қатысушылар оң қабылдады, өйткені жаңартылған білім беру жүйесінде үй тапсырмасын орындау кезінде уақытты үнемдеу қажет.

12

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz